Меню KDT

Новости

Қош келдің Әз Наурыз!

Қаратерек орта мектебінде «Ұлыстың ұлы күні-Наурыз» мейрамын өткізуге арналған іс-шаралар өтті.

Наурыз — шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы, Ұлыстың ұлы күні. Наурыз шығыс халықтарында жыл басы мерекесі ретінде тойланып, ерекше күн ретінде аталып өтіледі. Қазақ халқы да Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырған. Мектебімізде құрылған жоспар бойынша Наурыз мерекесін атап өттік.

«Наурыз тойы-дәстүрлі мереке» атты салатанатты сап түзеуден бастау алды.

Мектеп мерекеге сай безендірілді. Мектеп тәлімгері Сарсенова А.А. «Қош келдің, Әз Наурыз» сурет көрмесін ұйымдастырды. Тәрбие ісінің меңгерушісі Сарсенова Г.Ж. «ұлттық дәстүр» атты көрме өткізді. Барлық сыныптарда «Қош келдің, ұлыстың ұлы күні» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Усаев А.И. «Наурыз - думан» спорттық эстафеталық жарыс өткізді. 20 наурыз күні барлық мектеп қатысқан «Еліме шуақ шашқан Әз Наурыз» атты үлкен іс-шара өтті. Мұнда оқушылар мен ұстаздардан, «Аққу» шағын орталығының қызметкерлері құралған 5 ауыл қатысты. Барлық ауылдар өз ауылдарын таныстырып, өз өнерлерін көрсетіп, ән шырқады. Барлық ауылдар ұжым болып, белсенді қатысты.
Наурыздың айрықша тәлім - тәрбиелік, үлгі-өнегелік, сән-салтанаттық, мәрт-жомарттық,  қадір - қасиеттілік нышан белгілері мен таным ұғымдарының үлгі түрлері өте көп.
Осы жылдар ішінде Наурыз мейрамы жалпыхалықтық мерекеге, халқымыздың достығы мен бірлігінің дәстүріне  айналды. Наурыз мейрамы бізді қайырымдылық пен мейірімділікке, ізгілік пен жанашырлыққа шақырады.  Барша қазақстандық этностардың сүйікті мерекесі Наурыз мейрамы бейбітшілік пен келісімді, татулық пен ынтымақты бейнелейді. Дана халқымыздың ұлттық рухының негізін қалайтын, ғасырлар бойы атадан балаға аманат ретінде берілетін бұл құндылықтар еліміздің Тұңғыш Президенті - Ұлт Көшбасшысының бейбітшіл саясатымен үндескен. Осының арқасында елімізде бейбітшілік пен өзара түсіністік қалыптасып, бірлік пен татулықты ту еткен, ырысы мен ынтымағы жарасқан халқымыз берекелі өмір сүріп жатыр. Әз Наурыз баршамыздың ортақ Отанымызға деген шексіз сүйіспеншілігіміздің,  достық пен ізгіліктің жарқын көрінісі. Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын!».



Просмотров: 475

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Опрос

Статистика

  • Осы айда21
  • Осы аптада11
  • Кеше0
  • Бүгін0
  • Желіде:0

Полезные ссылки